әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Мәдениеттану» және «Мәдени
антропология» мамандықтары бойынша аяқтап, бакалавр және магистр академиялық
дәрежелерін алдым. Қазіргі уақытта осы университеттің «Мәдениеттану» мамандығы бойынша
PhD докторантымын.
Кәсіби біліктілігімді арттыру мақсатында Түркияның Анкара қаласындағы Hacettepe
университетінде мәдени антропология факультетінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан
өттім, сондай-ақ АҚШ-та дербес далалық зерттеу жүргізіп, ғылыми көкжиегімді кеңейтіп,
мәдениетаралық коммуникация дағдыларымды жетілдірдім.
Ғылыми-зерттеу қызметіндегі жетістіктерім мен халықаралық конференцияларға белсенді
қатысқаным үшін бірқатар марапаттардың иегерімін. ҚР Жастар саясатының дамуына
қосқан үлесі мен қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, көшбасшылық қабілетімді
көрсете білгенім үшін «ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ҮЗДІГІ» атты төсбелгісімен
марапатталдым.
Менің кәсіби миссиям — мәдениеттану ғылым саласын дамытып, ұлттық мәдени мұраны сақтау
және насихаттау, сонымен қатар жас ұрпақтың рухани құндылықтар мен ұлттық бірегейлікке
деген қызығушылығын арттыру.